ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі бөлімінің өкілі Ержан Аманбаевтың ұйытқы болуымен «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам университетінің магистрі Ермек Жамбылұлы Көкрекбаевпен кездесу өтті. Аталмыш іс-шара №47 мектеп оқушыларымен, «Нұр Отан» партиясының ғимараттында белсенділермен, «Бегалы ата» мешітінде жамағатпен жүргізілді.
Жат ағымдардың алдын алып, дәстүрлі дініміздің құндылықтарын дәріптеу мақсатында өткен жиында жастар – ел болашағы, жастар тәрбиесі, иманды да ибалы жастар турасында тілге тиек болды. Сондай-ақ, радикалды ағымдардың зардаптары мен зияндары сөз болды.
Алматыдан ат артып келген Ермек Жамбылұлы жастарға ой салар сүбелі сөз сөйлеп, рухты сілкіндірер уағыз айтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.









23 Қаңтар 2026
4 Шаабан 1447

