Жылдық жұмыстар қорытындалды

Жылдық жұмыстар қорытындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінде ауданымызға қарасты имам-молдалардың қорытынды жиналысы өтті. Жиналыста төрағалық еткен Қордай ауданының бас имамы Ж.Шалбай 12 айда атқарылған есептерге өз бағасын беріп, аянбай еңбек еткен имам-молдаларға алғысын білдірді. Өзге де имамдарға әріптестерінен қалыспай дін қызметінде үздік болуға шақырды.

 «Жыл қорытындылса да атқарар шаруа қыруар екені мәлім. Алдымыздағы жылда шұғыл түрде аяқтау қажеттігін талап ететін жұмыстардың бірі ол – мешіттерді ҚР заңдарына сәйкес толық құжаттандыру болып табылады,» –дейді Ж.Шалбаев. Сондай-ақ, осы бағытта жұмыс үдерісін бәсеңдетпей, белсенді жұмыс атқаруға шақырды. Мешіт кітап сөрелерінде тек ҚМДБ тарапынан мақұлданған діни әдебиеттер болу қажеттігі қатаң ескертілді. Көтерілген келесі мәселе әрине бекітілген төрт бағыт бойынша белсенді жұмыс атқару, имамдардың форумында қабылданған төрт құжатты бұқара халық арасында кең насихаттау болып табылады. Жиын соңында Ж.Шалбаев дін қызметкерлерін тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, тәуелсіз елдің  өркендеуіне белсенді түрде үлес қосуға шақырып, ҚМДБ тарапынан келген Құран кітаптарын, жұма уағызын имадарға үлестірді.

 Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: