Жамбыл ауданы аумағындағы діни ахуал

Жамбыл ауданы аумағындағы діни ахуал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінгі күнге Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік тіркеуден өткен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық діни бірлестігінің 28 филиалы (мешіттер) тіркеліп, 11 намазхана облыс әкімдігі дін істері басқармасының келісімін алған.

Биылғы жылдың мамыр айында Октябрь-Жеміс ауылындағы «Уали-Қалпе» мешітінің жаңа ғимараты соғылып, пайдаланылуға берілсе, бүгінгі таңда аудандық «Бәйдібек» мешітінің типтік үлгідегі ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілу үстінде. 

Азаматтардың діни сенімдері еркін таңдау құқығын қамтамасыз ету және жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін үйлестіру, конфессиялық қатынастардың үйлесімділігі, қоғамда рухани келісімді нығайту саласындағы мемлекеттік-құқықтық саясатты қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл ауданы әкімдігінің  2007 жылғы 4 желтоқсандағы «Жамбыл ауданы әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес құру туралы» №969 қаулысымен Кеңес құрамы бекітіліп құрылған. Кеңес құрамына 10 адам кіріп, оған аудан әкімі төрағалық етеді.

         2015 жылдың 11 желтоқсан күні Жамбыл ауданында өткен  Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің көшпелі отырысына қатысқан облысымыздың өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев аудан тұрғындарымен сұқпаттасып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

 Жамбыл ауданы 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: