Қордай ауданының бас имамы Ж.Шалбаев және наиб имам Д.Жандосұлы ауданымызда орналасқан шешілмеген мәселелері бар мешіттерде болып, бірнеше елді мекендерде болып қайтты. Бас имам алғашқы болып ат басын Масаншы ауылына тіреді. Ауыл әкімшілігінде орын алған кездесуге ауыл әкімі Я.Искаков, ауыл әкімдігі қызметкерлері, ауыл ақсақалдары, «Эхель-Сунет» және «Нұр Ислам» мешіттерінің жамағаты қатысты. Кездесу барысында бас имам Елбасы Н.Ә Назарбаевтың жолдауының маңыздылығын атап өтіп, ҚМДБ тарапынан қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» және өзге 3 құжаттың мұсылман өміріндегі маңызы жайлы сөз қозғап өтті. Өзекті болып табылған, осы жиында көтерілген мәселелердің бірі ол мешіттердің құжаттарын ҚР заңдарына сәйкестендіру болды. Имамы жоқ мешіттердің жұмысы жайлы мәселелер көтеріліп, осындай елді мекенде имамы жоқ мешіттің болуы ауыр жағдай екенін атап өткен Ж.Шалбаев осы мәселелер бойынша да бірлесе әрекет етуге шақырды.
Келесі кездесу Қаракемер ауылында өтті. Кездесу ауыл әкімшілігінде орын алып, кездесуге ауыл ақсақалдары, ауыл әкімі С.Әлиев және мешіт имамдары қатысты. Аталмыш тақырыптар көтеріліп, «Қаракемер» мешітінің құжаттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген аудан имамы, аталмыш мәселелерді бір жақты етіп шешуге белсенді түрде ат салысуға шақырды.
Осы күнгі соңғы кездесу Беріктас елді мекенінде орын алды. Мешіт тыныс-тіршілігімен танысқан бас имам Ж.Шалбаев, ауыл ақсақалдарымен, ауыл әкімшілігі қызметкерлері жиналған мектеп ғимаратына жол тартты. Аталмыш кездесуде де елімізде орын алып жатқан игі мәселелер айтылып, ҚМДБ жұмысының бағыт бағдары түсіндіріліп өтті. Көтерілген өзекті мәселе ол әрине осы ауылда орналасқан «Мұхаммед әмин» мешітінің құжаттары және осы мешітке имам тағайындау мәселесі болды. Көтерілген мәселелер бойынша оң шешімдер қабылданып, іске асыруға бел буды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі