Мойынқұм ауданына қарасты Күшаман ауылы «Ар-Рахмаан» мешітінің молдасы Жақсыкелді Акбердиевтің ұйымдастыруымен ауылдық мектепте «Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес» атты дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге ауыл молдасы Жақсыкелді Акбердиев, мектеп директоры, мұғалімдер мен оқушылар қатысты.
«Ар-Рахмаан» мешітінің молдасы Жақсыкелді Акбердиев уағыз айтып, Алланың асыл дінін жеке мүдде немесе белгілі бір саяси мақсатта қолдану арқылы ғасыр тоғысында ел арасында діни ағымдар көбейді. Ол ағымдар Алланың дінін бетперде қылып, дін қағидасы түгілі қарапайым адамдық құндылықтар өлшеміне келмейтін қатыгез іс әрекеттерге барып жатыр. Мемлекеттің маңызды объектілерін күзететін тәртіп сақшылары олардың террорлық іс әрекеттеріне бірінші тосқауыл қоятын бөлім болып есептеледі. Сол үшін де оларды дін адамдарынан ажырата білу, ағымдардан сақтану және сол арқылы ел тыныштығын қорғауға үлес қосу құқық сақшылары үшін маңызды іс болмақ. «Таблиғи жамағат», «Салафизм» оның тармақтары «Мадхалиттер», «Сурури», «Такфир Хижра жамағаты», т.б кері тартпа ағымдардың шығу тарихымен иделогиясы туралы мағлұмат берді.
Оқушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Ә.Сүиіндік