Мектеп басқармасының сұранысымен жоғарғы сынып оқушылары ауданның бас имамы Батырбек қажы Қасымалиевпен кездесті.
Бас имам өз сөзінде қазіргі таңда жастардың келеңсіз оқиғаларға өзіне-өзі қол жұмсау белең алғаны турасында әңгіме қозғап, бұл жайт турасында шариғат үкімдерінің көзқарасы туралы баяндады.
Жастардың ішінде ақ пен қараны ажыратпай, дін деген осы екен деп, дәстүрлі дінімізге еш қатысы жоқ жат ағымдағы діни ұстанымдарға еліктеп, солардың қатарында жүргендері бар. Мешіт қызметкерлері жастардың мұндай қылықтарына қапалы, қолдан келгенше жастардың дұрыс бағытта болуы үшін діни уағыз-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Батырбек қажы кездесу барысында дәстүрлі асыл дініміздің құндылықтарына тоқталды.
Жиын соңында бас имам жастарға муфтият бекіткен тұғырнаманы таныстырып, ондағы негізгі өзекті мәселелерге тоқталды. Сұрақтар ұйымдастырылып, жақсы жауап алған жастар дән ризашылықтарын білдіріп тарқасты
Аудандық «Меркі-ата» мешіті.