ҚМДБ тарапынан мүлікті жария ету науқаны жүргізілетіні айтылып, мешіт құжаттарын рәсімдеу тапсырмалары жүктелген болатын. Осыған орай, науқан барысындағы атқарылған шаруамен танысу және мешіт құжаттарын реттеу жұмыстарын қадағалау мақсатында ҚМДБ Іс басқарушысы мен Мешіт басқару істері бөлімінің меңгерушісі облысымызға ат басын тіреді.
Мүфтияттан сапарлатып келген Ербосын Орын, Жанділдә Бекжігітов Жамбыл облысының қала-аудан имамдарымен жүздесті. Құжаттарға қатысты дәріс оқып, түсініктеме берді.
«Елбасы айтқандай үй ішіне үй тікпей дін құжаттары сараптамадан өтіп, ҚМДБ-ның қарамағында тіркеуде болуы қажет» – дейді Ербосын Орын.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.