ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаевтың бастамасымен қала-аудан имамдар мәжілісі өтті. Аталмыш жиында «Нұр-Мүбәрак» университетінде өткен «Діни білім тұтастығы – діни тұрақтылық кепілі» атты республикалық тәжірибелік конференцияда көтерілген мәселелер негізінде имамдарға бірқатар тапсырмалар жүктелді. Мешіт жамағатының сауатын арттыру, сауат ашу курстарын жүргізу, аталмыш конференцияда қабылданған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы таныстырылып, оны насихаттау бағытында бірнеше іс-шаралар жоспарлау қажеттігі айтылды.
«Һибатулла Тарази» мешіті мен медресесінің ұстазы Асхат Ақмамбетов имамдарға ҚМДБ-ға қарасты жоғары және орта оқу орындары оқу процесін ұйымдастырған кезде осы Тұжырымдаманың негізгі ережелері басшылыққа алып, имамдардың білімі мен біліктілігін жетілдіру ислам институты кадрларды қайта даярлауды және біліктілікті көтеруде аталмыш Тұжырымдаманы негізге алу жүктелді. Мешіттер жанындағы діни сауат ашу курстарын Тұжырымдамаға сай ұйымдастыру; Имамдармен үнемі басланыста болып, Тұжырымдама іске асыру барысында жұмыла ат салысу; Осы бағытта жұмыс жасау үшін сауат ашу курстарының ұстаздарының біліктілігі мен білімін жетілдіру мәселелері тілге тиек болды. Әр имамға жеке жоспар құрып, сол бойынша апталық есеп беру тапсырылды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.