Мойынқұм аудандық мешітінде ауыл имам-молдалардың жиыны өтті. Бас қосу барысында сағат 11:00 де Президенттің халыққа жолдауы тікелей эфирден көрсетілді. Жолдауды сүйсіне тыңдаған имам-молдалар өзара талқыға салды. Президенттің «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген сөзін құптаған имам-молдалар, жұмыстарын ары қарай өркенте түсулеріне ықпал берген-ді.
Сондай-ақ, жиында Қазақстан мұсылмандары тұғырнамасы талқыланды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз жарғысы негізінде мемлекетіміздің зайырлы даму жолында Қазақстан мұсылмандарының өзге дін өкілдерімен, дін жолын ұстайбайтындармен ынтымақтастыққа тіршілік етіп, ұлтаралық және конфессиялық тұрақтылықты сақтауды отандық тәжірибені қолдайды. Сонымен қатар бұл үрдісті одан әрі қарай нығайтуға негіз болып саналатын осы Тұғырнаманы қолдап, күнделікті қызметіне басшылыққа алмақ.
«Алла Тағала кімге жақсылықты қаласа, соған дінді терең түсінуді нәсіп етеді» деген хадисті ұстана отырып, ауыл имам-молдалары Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын, Мұсылманның тұлғалық бейнесін, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының қызметкердің этикасын тілге тиек етті.
Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы Зият Исаев Дін қызметкері жұмыс барысында Алланың әмірін басшылыққа ала отырып, өмірінің барлық кезеңінде хазіреті Мұхаммед пайғамбардың сүннетін үлгі тұтады.
Осындай мұсылман үмметіне және белгіленген төрт бағыт бойынша жұмыс атқарып жүрген, газет-журналға жазылу барысы жақсы үш ауыл имам-молдаларына алғысын айтын, шапан жапты.
Ауыл-молдалары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жолдауын тыңдап, Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын талқыға салып бір марқайып тарқасты.
Ә.Сүиіндік