Облыстық имамдар мәслихаты өтті

Облыстық имамдар мәслихаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілдігі қала-аудан имамдарының жылдық есеп беру мәжілісін өткізді. «Һибатулла Тарази» мешітінде өткен жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамдары, мешіт қызметкерлері мен қала-аудан имамдары қатысты.

   Мүфтият бекіткен жұмыстар негізінде бақылау-басқару жұмыстары; уағыз насихат жұмыстары; бұқаралық ақпарат құралдары; ғылым және білім саласы; жастармен жұмыс; теріс-ағымдармен жұмыс; дін мен дәстүр жылындағы діни мерекелер мен қайырымдылық іс-шаралары қаралды. Имамдар жаңа технология құралдарын пайдалана отырып, жылдық есептің дәстүрлі бейнеролигін көрсетіп, қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

   Сын ескертулер мен жетістіктер ортаға салынып, алға қойған жоспарлар талқыланды. Мешіт қызметкерлерінің аталмыш бөлімдер бойынша ұсыныстары назарға алынды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: