Қордай ауданының бас имамы Ж.Шалбаевтың ұйытқы болуымен ҚМДБ тапсырмасына сәйкес еліміздің сара жолына өз септігін тигізетін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауымен танысу мақсатында аудандық мешітте имам-молдалар бас қосты. Аудан бойынша қызмет ететін дін қызметкерлері сағат 11:00 басталған жолдауды мұқият тыңдап, маңызды жерлеріне қолдау білдіре отырды. Міне, осылайша Қордай имам-молдалары Елбасының жолдауымен танысып, жолдауды көрсетілген іс-шараларды шама-шарықтары жеткенше ат салысуға бел буды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі