Күні кеше Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының Герцен атындағы орта мектептің акт залында тәрбиелік маңызы бар дөңгелек үстел өтті. Жиынға аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы қария Жарас Мұратаев, аудан имамы А. Кенжемолдаев, «Ақментей» медиаторлық қорының басшысы ауыл ақсақалы Аманжол қария, мектеп директоры ата-аналар, мұғалімдер, мектептің 9-10-11 сыныбының жүзге тарта оқушысы қатысты.
Жастардың ой-өрісін, дүниетанымын дамытатын бұл келелі жиын білім тақырыбында өрбіді. Аудан имамы А. Кенжемолдаев дін мен білімнің үйлесімдігі туралы баяндама оқыды. Ауыл қариясы Аманжол ақсақал өзі өткен өмір сабағынан мысалдар келтіріп, жастарға аталық ақылын айтты. Сондай-ақ, адам құқығы, кемелдік тәлім-тәрбие, береке-бірлік, елге іріткі салатын діни ағымдардың шығу себебі, діни экстримизмнің алдын-алу, жалпы келешек жастардың ұрпақ тәлімі-тәрбиесі әңгіме тұздығына айналды.
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы