Мәңгілік ел – мәңгілік мұрат

Мәңгілік ел – мәңгілік мұрат

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Мәңгілік Ел: Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуінің кепілі!» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталмыш жиынға Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелері жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының кондидаты, доцент Орынқыз Көпбосынқызы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Рахия Сейтбекқызы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойыншы өкіл имамы Данияр Әлимұхаммедұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Нұрлан Тәңірбердіұлы, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі, партия Саяси кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының магистрі Айнұр Шайзханқазы қатысты.

Конференция 2 секциялық отырыстан құрылды. Бірінші кезеңде «Ұлт жоспары. 5 реформа. 100 нақты қадам» бағдарламасынан туындайтын өзекті мәселелер және оны іске асыру жолдары қаралды. Ал, екінші кезеңде «Қазақстан 2050» Стратегиясында дін саласына қатысты берілген тапсырмаларды іске асыру жолдары және онда кездесетін мәселелер талқыланды.

Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Мақпал Сатыбалдықызы, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті Исламбек Дастанұлы және Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Ғани Қанашұлы мен «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорының Президенті Бауыржан Мәлікұлы модераторлық етті.

Тайғақ кешсе, тағасын тайдырмаған еліміздің бүгіні мен ертеңі талқыланған бас қосуда келген қонақтар сүбелі сөз сөйлеп, еңсені көтертті.

 «Еліміздің жарқын келешегі қолдарында Құраны, жүрегінде иманы бар жастар екендігінде дау жоқ. Сол себепті ұлағатты ұрпақ тәрбиесінің имандылық аясында болуы, бүгінгі күннің кезек күттірмес талабы. Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекетте белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш, қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Сондықтан да Мәңгілік қазақ елінің қалыптасуында иманды ұрпақтың ролі айрықша,» – дейді жиынға қатысушылар.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: