Діни білім тұтастығы – діни тұрақтылық кепілі

Діни білім тұтастығы – діни тұрақтылық кепілі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Нұр Мүбарак» Мысыр Ислам мәдениеті университетінде республикалық тәжірибелік конференция өтті. Аталмыш жиынға ҚМДБ Төрағасы, еліміздегі бүкіл облыстардың өкілдері, медресе директорлары мен орынбасарлары, сауат ашу курстарының ұстаздары, «Нұр Мүбарак» университетінің ұжымы мен студенттері қатысты.

Конференцияда дәстүрлі Ислам дінінің тарихи және мәдени негіздерін оқытуды көздейтін, заман талабына сай үйлесім тапқан «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы» атты тұңғыш рет тарихи құжат қабылданды.

Тұжырымдама – діни білім беру жүйесі бойынша бағыт-бағдарымызды айқындайтын, жолымызды көрсететін бағдаршам іспетті басты стратегиялық құжатымыз. Тұжырымдама мақсаты – жастарға, жалпы жұртымызға толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті діни білім беруде, зайырлы біліммен қоса, басқа да салаларды ұлттық құндылықтарымызбен сабақтастыра отырып түсіндіру, діни білім беруді жетілдіру. Жастарды діни экстремизм мен радикалды ағымдардан сақтандыру.

Сондай-ақ, Алматы қаласында өткен республикалық конференция қатысушыларының Қаулысы қабылданды. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы мақұлдансын. ҚМДБ-ға қарасты жоғары және орта оқу орындары оқу процесін ұйымдастырған кезде осы Тұжырымдаманың негізгі ережелері басшылыққа алынсын. Имамдардың білімі мен біліктілігін жетілдіру ислам институты кадрларды қайта даярлауды және олардың біліктілігін көтеруде аталмыш Тұжырымдаманы негізге алсын. Мешіттер жанындағы діни сауат ашу курстары Тұжырымдамаға сай ұйымдастырылсын. Мешіттер жанындағы сауат ашу курстарының жалғасы ретінде Құран жаттау курстары ашылып, осы Тұжырымдама аясында жұмыс атқару жүктелсін», – делінген Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қол қойған Қаулы мәтінінде.

Конференциядан кейін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» медресесінің директоры Жамбыл өңірінен барған «Нұр Мүбарак» Мысыр Ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан студенттермен кездесті. Олардың жағдай-ахуалымен танысып, сұхбаттасып қайтты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: