Жамбыл облысы бойынша ақпараттық насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу шеңберіндегі кешенді іс-шараларды өткізу бойынша «Данияр и К» жеке кәсіпкерлігі және ҚМДБ-ның Жамбыл облысы Жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен белгілі исламтанушы Оңтүстік Қазақстан облысының наиб имамы Еркебұлан Қарақұловпен иманды жүздесу өтті.
Оңтүстіктен ат артып келген Еркебұлан Қарақұлов «Һибатулла Тарази» мешітінің жамағатымен, Байзақ ауданының жастарымен, мешіт жамағатымен сондай-ақ, ТарГПИ студенттерімен кездесті.
Жиында «Ханафи мазһабының рөлі» тақырыбында сүбелі уағыз айтылып, көпшіліктің көкейіндегі сан сауалға жауаптар берілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.