ЖАНТ жұмыстары барысында Т. Рұсқұлов ауданы Ауыл шаруашылық колледжінде, Мақпал ауылдық орта мектебінде, Жарлы ауылдық орта мектебінде, Көкөзек ауылдық орта мектебінде, ауданның орталық мешітінде жастармен кездесу өтті. Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша жастар бөлімінің өкілі Ержан Аманбаев пен облыстық дін істері басқармасының бас маманы Еркебұлан Есмаханов қатысты.
Жастарды ң санасын улайтын теріс ағымдардың алдын алу мақсатында өткен іс-шарада қоғамдар адамдар арасына іріткі салып, жастарды алауыздықтың құрбаны етіп жатқан жат ағымдар нелер? Олардың қандай белгілері бар? Дәстүрлі дініміздің құндылықтары сынды тақырыптарда дәрістер оқылды. Үміт пен күдіктің таласқан заманында дұрыс ілімді алу жолдары көрсетілді.
Оқушылар мен студенттер көкейіндегі сауалдарын қойып мардымды жауаптар алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.