Жасөспірімдер келешек еліміздің болашағы

Жасөспірімдер келешек еліміздің болашағы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Аудан әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ауданымызға келген облыстық АНТ іссапарын аудан орталығынан бастап, шалғай жатқан Аспара, Ақермен елді мекеніндегі мектеп оқушыларымен, ұстаздарымен кездесу жасады.  Іс-шарада облыстық діни істер депортаментінің бас маманы Самғат Мотанов, Тараз қаласы «Құлбай-ата» мешітінің бас имамы Талғат Сматов қонақ болды.

Талғат Сматов жасөспірімдер және мешіт жамағатымен кездесуде сөз басында Аллаға сансыз мақтау айтып, елін, Отанын жалпы азаматтық қасиеттерді өз бойына сіңіріп, болашағы жарқын асыл азамат қатарында болып, заман талабына сай білімді азамат болу туралы кеңес айтты.

«Құрметті, жастар! Мектепте білім алып жатырсыздар. Көздеріңіз ашық, сана-сезімдеріңіз ояу сіздерге айтарым, кез келген жағдайда өздеріңіз шеше алмаған жағдайларды ата-аналарыңызбен немесе мешіттегі имаммен кеңесу керек. Келешекте еліміздің болашағы сізсіздер! Сол себепті алып жатқан білімдеріңізді шыңдай түсіңіздер,» –деді ол.

Облыстық АНТ бесін намазының алдында «Меркі-ата» мешітінде, бесін намазынан кейін «Жақсымбет-ата» мешітінде жамағатпен сұхбаттасты. Ашық сұхбат барысында діни мәселелер жайында сөз қозғап, жамағат сауалдарын қойып, көңілге қонатындай жауап алып тарқасты.

Аудандық «Меркі-ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: