Қайырымдылық жасау – мейірімділік пен жанашырлық таныту біздің рухани дүниемізді жақсартып қана қоймай, сонымен бірге, әлемді жақсы жағына қарай өзгерте алады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолмен де қайырымдылық жасаудың жолдары көп.
Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы Зият Исаевтың ұйытқы болуымен ауданның тұрғыны екі балалы жалғыз басты анаға бір зил машинемен 18 000 мың көлемінде тұратын отын жеткізіліп берілді. Мұндай игі шараға разы болған ана қысқы жағдайына берілген көмек үшін рахметін айтып, аналық ақ тілегін білдірді.
Ә. Сүйіндік