Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік!

Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Абылай Әзімханұлы  Ахметжановтың ұйымдастыруымен "Нұр Отан" партиясының кеңсесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жайында ауыл имам-молдаларының бас қосуымен дөңгелек үстел өтті.

Жиынның бас қонағы – Тұрар Рысқұлов аудан аймағы бойынша мемлекеттік қызмет, істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының консультанты Нұржан Жамбылұлы Қуандықов. «Сыбайлас жемқорлық қоғам ішінде үлкен бір дертке айналды. Осы бір дерттің алдын алуға байланысты мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы жұмыс атқарады. Егемендік алғаннан бері басқарма жас ұрпақты дұрыс тәрбие беру мақсатында өз ықпалын негіздеуде. Қазіргі таңда әсіресе, жастар мешіттерге көп барады. Мешіт имам-молдалары өз уағыздарында жемқорлық мәселесін шариғат аясындағы үкімдері турасында насихаттаса. Осыған Құраннан және хадистерден мысал келтіріп, жастардың санасына сіңсе, – дейді Нұржан Жамбылұлы.

Ауданның бас имамы Батырбек қажы Қасымалиев дәстүрлі Ислам дінінің құндылықтарына тоқталып, жемқорлыққа байланысты діни тұрғыда сөз қозғап, Құран аяттарына және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистеріне тоқталды. Сұхбат барысында имам-молдалар өз пікірлерін ортаға салды. «Пікір кезінде бір нәрсені ескеруге болады, біз көбіне жастар деп, ересектерді, мектеп деп, мекемелерді ескермейміз. Мысалы, неге мектеп ұстаздары, дәрігерлер, полиция қызметкерлері басқа да ұжымдарда кездесулер ұйымдастырмаймыз?! Естіп те, көріп те жүрміз ересек азаматтардың жаман іске, біз қозғап отырған сыбайлас жемқорлыққа барып жатқанын. Мұны көрген жасөспірімдер не болмақ?» дейді дін өкілдері.

Аудандық «Меркі-ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: