Билік па, бесік па?

Билік па, бесік па?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызып, көрермен назарына жаһан жаңалықтарын ұсынатын облыстық «Қазақстан Тараз» телеарнасында «Ел ертеңі» ток-шоуы өтті. Айгерім Жасан бағдарламаның тізгінін ұстады.

Қазіргі қоғамдағы әйелдердің билікке келуі, бала тәрбиесі ортаға салынды.

Телебағдарламаға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев, Марат Ахметов «Жамбыл спорт» бөлімінің редакторы, Қарлығаш Аралбекова Кәсіпкерлер палатасының басшысы, Айнұр Келімбетова «Нұр Отан» партиясының қызметкері қатысты.

Осындай бесіктің емес биліктің жанында жүрген әйелдер қауымының пікірі тыңдалып, шариғат шеңберінде әйел міндеттеріне түсініктеме берілді. Тартысты өткен бағдарлама бесік пен биліктің ара-жігін анықтап берген-ді.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: