Қайырымдылық – жан азығы

Қайырымдылық – жан азығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қалалық «Жәми» мешітінің ұйымдастыруымен жыл басынан бері демеушілер арқылы көптеген отбасыларға қайырымдылық көрсетіліп, жәрдем жасалуда. «Қыс қамын жаз ойла» демекші, күннің суыған кезеңінде адамға жылы үй, жақсы азықтың өте қажет екенін білеміз.

 «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Үрпековтың мұрындық болуымен үнемі жағдайы төмен отбасыларға демеушілердің көмегімен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мәселен, бүгін де күн суытып, қыс мезгілі таяғанда жағдайы төмен 2 отбасыға 5 тоннадан 10 тонна көмір отыны түсірілді.

Олар мүмкіндігі шектеулі жандардың бірі – Марат Капаров және мешітте неше жылдан бері қызмет атқарып, мешіттің жоғын жоқтап, әр уақытта мешіт қызметіне даяр болып жүрген Абай Рахымбаев.

Қайырымдылыққа ризашылықтарын білдірген шаңырақ иелері демеушілерге және шараны ұйымдастырып жүрген мешіт қызметкерлеріне, қаланың бас имамы Қуат Дүйсенбайұлына шын жүректен алғыстарын жеткізді.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: