Ауданның діни насихат топ мүшелері әскери бөлімнің жауынгерлерімен сұхбаттасты. Кездесу барысында «Қарабала Төре» мешітінің имамы Азамат Абдразақов әлемді түршіктірген террорлық әрекеттерге тоқталып, бұл жаман пиғылды істерге Ислам дінінің еш қатысы жоқтығына байланысты дәстүрлі дініміздің негізгі ұстанымдарына тоқталып, Ислам діні бейбітшілікті жақтайтын дін екеніне талдау жасап, қандай да бір жағымсыз істерді дінмен ешуақытта байланыстырмау керектігін шегелеп айтты.
«Кіндік қан тамған жерді, Отанды қорғау – әр азаматтың мойнындағы міндеті. Әлемде болып жатқан қорқынышты әрекеттер болмас үшін кез келген жағдайда сақтық шараларын ұйымдастырып, Отанды, елді, жерді қорғауда сіздердің атқарып жатқан әскери борыштарыңыз өте зор,» – деді имам.
Жиын соңында жауынгерлер намаз жайында, дәстүрлі Ислам дінінің артықшылығы, жиһад, жат ағымдар жайлы сұрақтар қойып, сұрақтарына мардымды жауап алды.
Аудандық «Меркі-ата» мешіті