Ислам діні өз қоғамын қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) осы мәселеге байланысты: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек,» – деген (Имам Мүслім).
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі және Жастар ісі өкілінің ұйытқы болуымен «Жастар – ел болашағы» науқанының аясында салауатты өмір салтын қалыптастырып, ұлттық рухты көтеретін тартысты да қызықты спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Кіші футболдан өткен сайысқа Тараз белсенділері, медресе ұстаздары мен студенттері қатысты. «Тараз арена» спорт кешенінде өткен аталмыш спорттық додада 7 топ күш сынасты. Білекті бірді жығар жүйріктер төмендегі орындардан көрінді.
- «Тараз жастары» – 1 орын
- Медресе ұстаздары – 2 орын
- Медресе шәкірттері құрамасы – 3 орын
- Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасы – 4 орын
- «Жас Отан» жастар қанаты – 5 орын
- «Тараз белсенділері» тобы – 6 орын
- «Жайдарманшылар» тобы – 7 орын
Ойыншылардың ішінде белсенділік көрсетіп, Ержан Аманбаев «Үздік қақпашы» атанса, Айдос Түсіпов «Үздік шабуылшы» атанды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар таратылды. Бірінші орынға планшет, екінші орынға қысқа толқынды пеш, үшінші орынға титан берілді. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен Құран Кәрім тарту етті.
Жүзден жүйрік белсенділерге «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев исламдағы спрорттың орнын тілге тиек етіп, дұға жасады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.