Жүректен жасалған жақсылық жүрекке жетері сөзсіз. Ал, жүрекке жеткен жылулық ортаға нұрын шашары, әлбетте.
Шу қалалық «Айтқұл баба» мешітінің имамы Шаттық Қамаубаев осы мешіттің жамағаты болған, қашан да көмегін аямай мешіт іс-шараларына ат салысып жүретін азаматтарды марапаттады.
Бірнеше жыл бойы халыққа ақ батасын беріп, мешіттің ақсақалы болған Тілеулес қария, сонымен қатар қандай да бір іс-шара ұйымдастырылса, соған демеуші болып жүрген кәсіпкер Ғани Жандосов алғыс хатпен марапатталды. Көпшілікке алғысын білдірген көмекшілерге жамағат та разылығын айтты.
«Айтқұл баба» мешіті
Hibatulla.kz