Имандылық жарасады ұл-қызға

Имандылық жарасады ұл-қызға

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласындағы білім ордаларының бірі – Шу гуманитарлық колледжінің студенттерімен дөңгелек үстел өтті. Кездесуге аталмыш колледждің директоры Шолпан Отарбайқызы Рысалиева, директор орынбасары, психолог, ұстаздар қауымы қатысты.

Жиында Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы ата дініміз ислам құндылықтарын тілге тиек етті.

«Ислам – бейбітшілік діні, мұсылмандық ол – адамгершілік, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізеттілік таныту болып табылады.

Ал, сіздер құрметті, талапкерлер! Адамның бойындағы осындай имани қасиеттер әр түрлі жаманшылықтан сақтайтынын ұмытпауымыз керек.

Қазіргі таңда әр түрлі жат ағымдар етек жайып барады. Сол ағымдардың құрбаны болмас үшін әрине, бірінші кезекте әрқайсымыз бойымызды таза ұстап, тура жолды таңдай білсек адаспаймыз.

Ұл имандылық, қыз ибалылық жолымен дін мен ұлттық салт-дәстүрімізді ұштастыра отыра ұстанса, еліміздің жарқын болашағының кепілі болары айқын,» – деді имам.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: