Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегі адамгершілік қарым-қатынасын білдіреді. Қайырымдылықты мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады.
Ол кейде кедей-кепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайыр-садақа берумен де көрініс табады. Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған. Осындай іс-шараның бірі Мойынқұм аудандық мешітінде өтті.
Облыстық дарынды балалар спорт мектебінде білім алып жүрген 7 сынып оқушысы, Мойынқұм ауданының тұрғыны Ағыбай Қожамұратовқа бас имам Зият Исаевтың ұйытқы боуымен мешіт жамағатымен бірлесе 10 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Бас имам Зият Исаев Ағыбайға үлгілі оқушы бол, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсет, ата-анаңды сыйла, халыққа беделді адам болып өс деп өзінің ақ ниетін білдірді.
Ә. Сүиіндік