Байзақ ауданының орталық әкімшілігінде аталмыш тақырыпта семинар өтті. Іс-шараға Байзақ ауданының имамдары, мектеп мұғалімдері, ауыл әкімдері мен аудан ардагерлері қатысты.
Жиында қазіргі қоғамдағы түйіткілді мәселелер ортаға салынып, ата дініміз Ислам құндылықтары тілге тиек болды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Маханұлы Аманбаев барша жиналған қауымға баяндама оқып, жиналған халықтың сұрақтарына жауаптар берді.
Байзақ ауданы
















13 Наурыз 2026
24 Рамадан 1447

