Дені саудың жаны сау.

Дені саудың жаны сау.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Денсаулық — Жаратушының ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Дененің сау болып сақталуы, жүректің нұрлылығы, ойдың тазалығы, Аллаға құлшылық етуге ынталылық, даналық пен танымға жақындау – осының барлығы тамақты аз жеудің рухани және материалды артықшылықтары. Ал, осы денсаулықты үнемі қадағалап, халықтың денсаулығына алаңдайтын адамдар – ақ халатты адал жандар. Ислам діні адам денсаулығына аса мән беретіні бәріне мәлім. Сол себепті Шу қалалық «Айтқұл баба» мешітінің имамы Шаттық Қамаубаев қалалық ауруханадағы дәрігерлермен кездесіп қайтты. Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметкерлерімен де сұқпаттасты.

 Дәрігерлердің айтуынша, кей отбасылар балаға екпе салдыртудан бас тартады, ал, кейбіреуі адам жаны қыл үстінде тұрса да емдеу шараларына талаптар қойып жатады екен. Осы тұрғыда жедел жәрдем қыметкерлері теріс ағымдар туралы имамға өз пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар исламдағы денсаулық сақтаудың маңызы мен ролі жайында уағыз-насихат жүргізілді.

 «Айтқұл баба» мешіті.

Hibatulla.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: