Белсенді студенттер дін өкілімен кездесті.

Белсенді студенттер дін өкілімен кездесті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай гуманитарлық-экономикалық колледжінің белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен дін өкілімен кездесу өтті. Іс-шараға аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Дәуренбек Жандосұлы қатысты. Кездесу еркін форматта өтіп, көптеген мәселелер көтерілді. Жиын қонағы колледж студенттеріне отбасылық өмір, ата-ананы құрметтеу, отбасылық өмірге дайындалу, зинақорлық, суицид сынды түрлі тақырыптарға тоқталды. Студенттердің сұрақтарына сәйкес бақсыға бару, тәуіпке сену, әлеуметтік желілерде көптеп таралған кейбір мәселелер турасында шариғат бойынша түсініктеме берілді. Мұсылман баласының жан-жақты білімді болуы жайлы уағыз айтылып, жастарды діни сауат ашуға шақырды Д.Жандосұлы.

Колледж ұстаздары мен студенттері алдағы уақытта да осындай мәнді де мағыналы кездесулер өз жалғасын тапса деген ізгі ниетпен кездесу қонағына алғысын білдірді.

 Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: