Дәстүрлі исламды насихаттау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың діни сауатталығын арттыру мақсатында аудандық «Қордай» мешітінің қызметкерлері ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Дін және жастар» тақырыбында үлкен кездесу ұйымдастырды. Жастар өнер орталығында өткен жиынға аудан орталығындағы барлық мектептің 10-шы сынып оқушылары қатысты. Оқушылармен бірге аталы кездесуге мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар қатысты.
Шара жас ұрпақты отансүйгіштікке, имандылыққа, мәдениеттілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, елімізде тұратын халықтардың озық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын ескере отырып, исламның шынайы игілікті рухани байлықтарын насихаттау мақсатында өтіп отыр. Жиын барысында Ислам дініне кереғар жат пиғылды діни ағымдардың жастар санасын улайтын зиянды насихаттары мен әрекеттері турасында сөз болды.
«Барлығымыздың мақсатымыз жастардың әртүрлі ағымдардың қолшоқпарына айналып кетпеуін қадағалау болғандықтан, біз нағыз Исламның хақ жолын түсіндірудеміз. Мұндай жағдайда мектептер мен жоғары оқу орындарының ықпалы зор. Ұстаздар мен ата-аналар да асыл дініміздің дұрыс бағытта насихатталуына қолғабыс тигізуі қажет. Жастар – еліміздің ертеңі. Сол себепті әлемдегі лаңкестіктің бір түрі – діни экстремизмнің бой көтеруі қауіпті жағдай екендігін тұрғындар арасында жан-жақты түсіндіріп, әсіресе, жастар арасында тәртіп бұзуға, өзінің қатарына өзгелерді тартуға ықпалы барларға алдын-ала ескертіп, бақылауды осалсытпау керек», - дейді наиб имам, дінтану магистрі Дәуренбек Жандосұлы
Срндай-ақ, дін қызметкері қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға шариғат аясында толыққанды жауап берді. Кездесу барысында Д. Жандосұлы ынтымақ-бірлік туралы уағыз айтып, дәстүрлі Исламның құндылықтарын дәріптеді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі