Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы Қонаев мектебінде «Дін – тәрбие өзегі» тақырыбында мектеп оқушыларымен ашық сабақ өтті. 9 сынып жетекшісі Айгүл Саурыкованың бастамасымен дін тақырыбында өзекті тақырыптар қозғалды. Аталмыш іс-шараға ауыл имамы Нұрлан Амирбаев қатысты.
Дінді бұрмалап, оны жат ұғыммен керітарпа іс әрекеттермен үгіттеп жүрген ағымдардың бүге-шүгесімен сыр-сипаты айтылды. Дін адамзаттың қасіреті емес, керісінше адамгершілік қасиеттерді бойға дарытып, тәлім-тәрбие беретін тәрбие өзегі екендігі айтылды. Мектеп оқушылары дін тақырыбында сұрақтар қойып, жауаптар берілді.
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы