Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ауданға қарасты Шайқорық ауылында орналасқан Шайқорық орта мектебінің оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы қатысып, жастарды имандылыққа, ата-ананы, ұстазды құрметтеуге шақырды. Жиын соңында Ғ. Қуанышбекұлы жастардың көкейіндегі сұрақтарына жауап берді.
Ә. ӘМІРБЕКОВ,
«Бәйдібек» мешітінің найб имамы