Алланың кәләмі сыйға тартылды.

Алланың кәләмі сыйға тартылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Бахрейндік «Құран Кәрімді қолдау» қорының президенті доктор Адил Хасан әл-Хамад бастап келген делегацияны қабылдағанын алдында хабарлаған болатынбыз. Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен Қазақстан еліне таратылған 100 000 дана қасиетті Құран әр облыстарға үлестірілді. Соның ішінде Жамбыл облысына 5000 данасы жеткізілген.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев облыста орналасқан әр мешітке 10 данадан таратты. Сондай-ақ, кітаптың 200 данасы медресе кітапханасының қорында сақталмақ.

Сонымен қатар 1 ай көлемінде жүргізіліп жатқан имамдар семинарына қатысқан имамдарға сертификат табысталып, Құран Кәрім сыйға тартылды. Бас имам Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінен мысалдар келтіріп, ілім алушыларға ізгі тілегін жеткізді.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: