Имани жүздесу жалғасын табуда

Имани жүздесу жалғасын табуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының басшылығының қолдауымен, аудандық «Қордай»  мешітінің  және ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Нұр отан» ХДП аудандық филиалының ғимаратында кезекті имани кездесу орын алды. Кездесуге аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің ақсақалдары, дінтану пәнінің ұстаздары және білім бөлімінің мамандары қатысты. Жиналыс шымылдығын ашқан наиб имам, дінтану магистрі Д. Жандосұлы қазіргі заманғы ислам және діни сауаттылықты арттыру мәселесі туралы сөз қозғап: «Ислам – адамның бойындағы тамаша адами қасиеттерді қамтитын ерекше дін. Оның негізі бүкіл адамзаттың рух және дене тұрғысынан жетілуін, қоғамда өмір сүрудің қағидасын қалыптастырып, дүниеде мәнді және маңызды болуды мақсат етеді. Ислам қоғамның жамандықтарынан арылып, бейбітшілік пен тыныштықты сақтайтын өмірді ұсынады. Ойлауды, жаңа бағыттағы ізденістерді, әдептілік пен имандылыққа үйренуді, жалпы адам баласының бір-бірімен береке-бірлік пен ынтымақтықта өмір сүруін бұйырады. Осының барлығын орындау барысында қоғам мүшелерінің  әрқайсысының ақыл мен ғылымға сүйенуін меңзейді. Қоғамдағы адами қасиеттердің негізін қалыптастыра алатын қасиетті ислам дінімізді сыртқы күштер өзімізге құбыжық етіп көрсеткісі келеді. Ислам атын жамылып, ел арасында ірткі салып, тыныштық пен береке, бірлігімізге нұқсан келтіріп жүрген еліміздегі жастарымыздың санасына кері әсерін тигізетін ағымдардың бар екенін айтқан жөн. Олар қазір ислам дініне бағытталған ең басты қатерлі күштің бірі осы зиянды ағымдар екенін санамыздан ешуақытта шығармауымыз қажет,» – деді.

Ағымдар елдің тұрақтылығы мен бірлігін, тұтастығын бұзуды және елімізде көптеген идеологиялық, әлеуметтік және экономикалық, тіпті этностық келіспеушілік пен тұрақсыздыққа әсер еткісі келетінін айтып, Ислами құндылықтарға тоқталып, жастар тәрбиесі жайлы дініміз бен дәстүрімізден мысалдар келтірді Д.Жандосұлы.

Кездесудің басты міндеті деп азаматтарымыздың  діни сауаттылығын арттыру, кері тартпа діни ағымдарға тосқауыл жасай білетін, білімді, сауатты, саналы мамандарды тәрбиелеу екендігін айта кетті наиб имам. Кездесуге келген мамандар дін өкіліне сұрақтарын қойып, шариғат шеңберіндегі жауаптарын алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: