Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы Исаев Зияттың ұйытқы болуымен Т.Рысқұлов мектебінде кездесу өтті. Аталмыш шараға мектептің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Құдайға шүкір, егемендік алғалы кем-кетігіміз толығып, ел ертеңі жастарға жан-жақты дінін, тілін танытып, саналарын оятар мақсатпен білім беру бірінші кезекке қойылды. Әсіресе, имандылыққа баулып, әдептілікке, инабаттылыққа, жалпы адамгершілік қасиеттерге баулитын іс-шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Міне, осындай күндерге жеткеніміздің өзі жұбаныш.
Сондай-ақ, іс-шарада Мойынқұм мешітінің бас имамы З.Исаев оқушыларға үлкенді сыйлау, құрметтеу туралы тартымды уағызын айтты.
Оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.