Мойынқұм аудандық мешітінің ұйымдастыруымен аудандағы төрт қария аналарға азық-түлікпен қайырымдылық көрсетілді. Қария анарға 1бума шәй, 2л сұйық май, 1кг құмшекер, 2кг макарон, сүт, шырын, 1 бума халва, пряник, рулет, 1кг кәмпит үлестірілді.
Аудандық мешіттің бас имамы қарияларға «Дендеріңізге саулық, отбасыңызға береке-бірлік болсын!» – деп жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, Алла Тағала пайғамбарлар арқылы тура жолды, ізгілікті көрсетті. Құран мен сүннетін ада етпеген өте ізгі ниетті және Алланың ықыласына лайықты жан болыңыздар деп, ұзақ та иманды өмір сүрулеріне дұға етті. Қариялар мұндай игі шараға алғыстарын білдірді.
Ә.Сүиіндік