Бір жағадан бас, бір жеңнен қол...

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен елімізде көптеген іс-шаралар атқарылып келеді. Соның ішінде Тараз қаласының имамдарының бас қосуы. Аталмыш жиында шешімін таппай жүрген өзекті мәселелерді талқылап, ислам дінінің өркендеп дамуы үшін бәрі бір ауыздан өздерінің пікірлерін ортаға салды.

         Жиынға Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлы Алмаханов және наиб имам Ораз Баймаханов төрелік етті.

         Бас имам Аят Алмаханов өз сөзінде дініміздің дамып өркендеуін және де ҚМДБ-ның тарапынан жарық көрген «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» атты кітапты таныстырып, ішіндегі мәселелерді жан-жақты талқылап, қала имамдарының біліктілігін шыңдай түсті. Сонымен қатар ҚМДБ-ның Тараз қаласына тарту еткен сыйлығы «Құран Кәрім» кітабын әр мешітке 10 данадан тарту етті.

Есет ТАЛАСБАЕВ

Әулие-ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: