Қазыналы қарттарым

Қазыналы қарттарым

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен аптада Жамбыл ауылы «Жексенбай ата» мешітінің молдасы Т.Таукеевтың ұйытқы болуымен Қарттар күні мерекесі атап өтілді. Осындай самайы аққа боялып, бір-бір шаңырақтың ақылшысы болған қарттарға ақ дастархан жайылды. Ауылдағы барлық қарияларға  арнайы шақыру қағаздары жіберілді. Мерекелік кеште барлық мекеме басшылары, округ әкімі А.Қанатұлы, мектеп директоры Ф.Сыздықова, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы А.Көпбосынов, кітапхана меңгерушісі Б.Сабанбаева, клуб меңгерушісі З.Тоқсанова, Жастар ісі жөніндегі әдіскер Б.Айтжанов қарттар мерекесін шын жүректен құттықтады.

     Б.Бласов, Қ.Бердіғұлов, А.Базарбаев аталарымыз өз жандарынан шығарған өлеңдерін көпшілікке тарту етті. Дастархан басы ән мен жырға толы болды.

     Т.Таукеев молда жиналған көпшілікке қарттарды құрметтеу жөнінде уағызын айтты. Ауыл қариялары ақ батасын беріп, барлық мекеме ұжымдарға  алғыстарын білдірді.

«Қарты бар ауылдың қазынасы бар» дегендей келешек ұрпақтарға тәрбие боларлықтай, тұщымды әнгімелер айтылды.

Ә.Сүиіндік 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: