Жастар тәрбиесі талқыланды.

Жастар тәрбиесі талқыланды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Күні кеше Жуалы ауданы Ақбастау ауылындағы орта мектеп ғимаратында ауыл жұртшылығымен  жастар тәрбиесі бағытында «Үлкенге ізет, кішіге құрмет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға ауданның наиб имамы Рамазан Абделиев, мектеп директоры Мақсат Жантөреұлы Машаев, Ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер қылмысын бақылау бөлімінің маманы және ата-аналар қатысты.

     ҚМДБ-ның тапсырмасына сай қазан айы қариялармен мүгедек, мұқтаж кісілерге қайырымдылық танытар ай екендігі ескеріле отыра, аталмыш тақырыпта сөз қозғаған Рамазан Абделиев  Ислам дініндегі үлкенге құрмет жасау, қарияларды сыйлау, мұқтаж, мүгедек, кемтар кісілерге қол ұшын беру Аллаға жасар құлшылықтың шоқтығы  маңызды әрі сауапты істерден екенін түсіндіріп өтті. Әңгіме өзегінде осымен сабақтас әртүрлі тақырыбтар қозғалды. Қазіргі жастардың тәрбиесінің төмендігі, қария кісілерге құрметсіздігі, ата-ананы сыйламауы, әсіресе, жастардың өз ата-аналарына, ұстаздарына  зекіп сөйлеуі, тыңдамауы қызу талқыланды.

   Қазіргі таңда қарттар үйінің көбеюінің бір салдары таршылықтан болып жатқан жоқ. Бәлки, рухани азғындықтан, отбасы тәрбиесінің төмендегінен. Әке-шешесіне құрмет көрсете алмаған, оған зекіп сөйлеп үйренген бала өсе келе оны қараусыз қалдыруына себеп болады, – деді, мектеп директоры Мақсат Жантөреұлы Машаев. Сол үшін де балаға тәлім тәрбие беру тек педогогтарға ғана жүктелмейді. Қоғаммен бірге ата-аналардың да тәрбие беруде зор үлесі бар.

Ата-аналар тарапынан дін өкілдеріне, мектеп мұғалімдеріне, ішкі істер қызметкерлеріне жан-жақты  сұрақтар қойылды. Дін атын жамылып, әке-шешені тыңдамауға үйрететін теріс ағымдар жайында да сөз қозғалды. Олардың шығу тарихы, ерекшеліктеріне, сипаттары мен мақсаттарына тоқталып, діни сауат ашу арқылы ағымдарға қарсы жас ұрпақтың иммунитетін қалыптастыруға болатындығы жеткізілді.

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: