Қарты бар елдің – мерейі үстем

Қарты бар елдің – мерейі үстем

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

      Қазақ халқы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен, жетімін жылатпаған, ата-анасын зарлатпаған, әрдайым имандылық жолды ұстаған ел. «Жәннат аналарының табанының астында» – деген Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) бір хадисін үнемі жадымызда ұстаған халықпыз. Аллаға шүкір Ислам діні өркен жайып, әр өңірде мешіттер салынып, халық игілігіне берілуде. Жуырда Т.Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев Жалпақсаз ауылының ақсақалдарымен, ақ жаулықты аналармен кездесіп қайтты.

     Кездесуде бас имам Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен ғибратты оқиғалар айтып, қасиетті ислам дінінің құндылықтары туралы уағыз-насихаттар жүргізумен қатар, ҚМДБ-ның діни-танымдық басылымы болған «Иман» журналы, сондай-ақ «Ислам және Өркениет» газетіне жазылу жүріп жатқаның айтып өтті. Сондай-ақ, теріс ағымдардан сақтану жолдары жан-жақты түсіндірілді. Жиын соңында бас имам аруақтарға құран бағыштады.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ, әскери зейнеткер.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: