Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпарттық алдын алу іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында Талас ауданы, Қаратау қаласы, «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында конференция өтті. Аталмыш жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар бөлімінің өкілі Ержан Аманбаев, «Жастар тілегі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исламбек Дастан, Жамбыл облысы дін істері басқармасының бас маманы Еркебұлан Есмаханов, Талас ауданы ішкі саясат бөлімінің бастығы Жасөркен Жақсылық, аудандық Жастар ісі бөлімінің өкілдері, аудандық әкімшілік бөлімінің қызметкерлері, мектептің дінтану пәнінің мұғалімдері қатысты.
Қазіргі таңда белең алып бара жатқан жат ағымдар хақ дініміз исламға күйе жағуда. Осы радикалды ағымдардың алдын алу үшін түрлі іс-шаралар жасалуда. Аталмыш жиында экстремизм мен терроризм жайында, олардың зияны мен зардаптары турасында баяндамалар оқылды. Ата дініміз ислам құндылықтары тілге тиек болды. Ортаға салынған ойлар сұрақ-жауаппен шыңдалды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.