Ибн Маджадан келген сахих хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Абу Заррға:
«Ей, Абу Зарр! Алланың кітабінан бір аят үйренуің жүз ракаъат намаз оқуыңнан артық, ал ілімнің бір бабын үйренуің, мың ракаъаттан артық» деген. Ілім алу – әрбір мұсылманның парызы. Қазіргі таңда ілімсіздіктің салдарынан көп адамдар түрлі жат ағымдардың құрбанына айналып жатыр. Ал, ақ пен қараны айырудың ең басты жолы – ілім алу. Осы мақсатта «Айтқұл баба» мешітінде әр ақшам және құптан намаздарынан кейін уағыз-насихат айтылып, жамағатқа дәріс жүргізілуде. Аталмыш мешіттің имамы Шаттық Қамаубаев шариғат талаптарына тереңірек тоқталып, ата дініміз бен радикалды ағымдардың айырмашылығын айтып, Құран сабақтарын өтуде.
Намазға келген жамағат ілім алып жатқандарына разы екендерін жеткізді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.