Төле би ауылындағы Шу аудандық мәдениет үйінде Төле би ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі нұсқаушылар мен Шу аудандық “Төле би” орталық мешітінің ұжымының ұйытқы болуымен «Діні беріктің – діңгегі бұзылмас!» атты тақырыпта аудан жастары арасында Құранды жатқа мәнерлеп оқудан жарыс өтті. Шу аудандық “Төле би” орталық мешітінің бас имамы Қ.Мұсаев, Шу қалалық мешітінің наиб имамы Б. Нармұханов және “Алға” ауылдық мешітінің имамы Ә.Абдрайымов қазылық етті. Сайысты «Жастар орталығының» маманы М.Атайбеков жүргізді. Жарысқа аудандағы ауылдық, селолық округтерден келген бір топ жастар қатысты. Жарыс барысында Шу ауданы “Төле би” орталық мешітінің бас имамы Қ.Мұсаев қатысушыларға сəттілік тіледі.
Алқа мүшелерінің шешімі бойынша, 1 орын - Д.Бақтияр 2 орынды - А. Бақытжан, 3 орын - А.Жалалиев иеленді. Ал, қалған қатысушыларға жарысқа белсене қатысқаны үшін бағалы сыйлықтар беріліп, дипломдармен марапатталды. Содай-ақ, “Төле би” орталық мешітінің шәкірті Ислам Әділханов барша көрермендерге дұға жасады.
Шу аудандық Төлеби мешітінің баспасөз қызметі