Жастармен кезекті жиын өтті

Жастармен кезекті жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жат ағымдардың алдын алу, сол ағымдардың жетегінде кетіп жатқан жастардың діни сауатын ашу мақсатында Мойынқұм ауданы мен Шу ауданында жастармен кездесу өтті. Жиынға облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев пен облыстық дін істері басқармасының бас маманы Еркебұлан Есмаханов қатысты.

Іс-шарада «Жат ағымдардың зияны», «Діни экстремизм мен терроризм деген не?», «Дәстүрлі дініміз – Ислам» тақырыптары сөз болды. Сондай-ақ, «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» таныстырылды. Аталмыш сенім кітабы туралы мағлұматтар беріліп, жеткіншектердің өзекжарды сауалдарына қисынды жауаптар да берілді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: