Үлкенге құрмет – баршамызға міндет

Үлкенге құрмет – баршамызға міндет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үлкенге құрмет көрсету жайлы асыл дініміздің қайнар бұлақтары Алланың кітабі мен пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) сүннетінде  айтылып, дәстүрімізде керемет көрініс тапқаны баршамызға мәлім. Өкінішке орай,  ілімнің төмендігінен қазақ жерінде бұрын соңды болмаған қарттар үйлері бой көтеріп, оның іші өзіміздің қаракөз қарттарымызбен толықты. Тіпті қарттар үйіне апармаса да жасы жеткен шақта жалғыз қалдырып,  тұрмыстың ауырпалығын өз ата-анасына жүктеп қойғандар да бар. Қазыналы қарттарымыздың көңілін бір сәт болса да  көтеру мақсатында, аудандық «Қордай» мешіті «үлкенге құрмет, баршамызға міндет» атты акция өткізді. Акция барысында мешітіміздің  өміріне белсене аралысып жүрген ақсақалдарға, жалғыз басты қарт аналарға, қоғамға еңбегі сіңген еңбек қайраткерлеріне, мүгедек және зағип қарттарға азық-түлік   қапшықтары таратылды. Қапшық күнделікті қажетті ұн, май, қант, макарон және күріш сынды азық өнімдерінен құралды. Үй-үйді аралаған мешіт ұжымы қарттардың жағдайымен танысып, сұқбаттасып, сыйлықтарын үйлестіріп, ақ баталарын алып қайтты. Үлкендеріміз дән риза болып, бір жадырап қалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: