Исламды білген – нашақорлықтан алыс...

Исламды білген – нашақорлықтан алыс...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Айтқұл баба» мешітінің имамы Шаттық Қамаубаев Шу қалалық «Нашақорлықпен күрес» бөлімінің қызметкерлерімен кездесті. Бөлімшеде атқарылып жатқан рейд жұмыстарына қатысып, «Экстремизм мен терроризим» жайында уағыз жүргізді.

Нашақорлық әлемнің әлеуметтік проблемасы, миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан ауру, трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең, алайда ол, шекараны танымайды, нәсіп, жыныс, жас талғамайды. Бұл жарияланбаған соғыс тұлғаның толық жойылуына әкеп соғады. Бұл әлі де өткір тақырып болып қалуда. Есірткіге еліктейтіндер – негізінен жасөспірімдер мен жастар. Содықтан да «Нашақорлықпен күрес» орталығы алдын алу іс-шараларын алдымен осы жастардан бастайды. Ал аузынан ана сүті кеппеген бала үйреткенді сіңдіреді. Сол себепті бала тәрбиесінде иманның исламның ролі айрықша. Діннен хабардар адам ақ пен қараны ажырата алады. Осы мақсатта бөлімшеде өткен кездесу дәстүрге айналмақ.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: