Меркі ауданында №18 Ақкөз Қосанұлы атындағы мектепте жоғарғы сынып оқушылары мен ұстаздардың қатысуымен кездесу өтті.
Бұл жиынның ерекшелігі оқушылардың алдын-ала даярлаған сұрақ-жауап тақырыбында өтті. Негізгі сұрақтар: Жалған дін болады ма, дәстүрлі Ислам дінінен айырмашылығы неде, діннің көздеген мақсаты не, Интернет сайттарындағы дін мәселесіндегі мәліметтердің бұрыс немесе дұрыс екенін қалай анықтауға болады? Қыз баласы өз абыройын сақтап, қымтарылып жүрсе, ол бір құбыжық болып көріне ме? Ашық-шашық жүргеннен гөрі басқа орамал, омырау жабық болғанның несі ерсі?
Осындай күрделі көптеген сұрақтарға кездесуде болған ауданның бас имамы Батырбек қажы Қасымалиев күн тәртібіндегі оқушылардың сұрақтарына мардымды жауап қайтарып, әлемде болып жатқан лаңкестік әрекеттерге тоқталып өтті.
Аудандық «Меркі-ата» мешіті