Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар арасында қылмыстың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға Аса ауылдық округінің әкімі Б. Қалшымбетов, аудандық ІІБ қызметкері Қ. Алденов және аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғ. Қуанышбекұлы қатысты. Іс-шарада имам Ғ.Қуанышбекұлы жастарды имандылыққа, отансүйгіштікке, ата-ананы құрметтеуге шақырып, жастарға қылмыстың зардаптарын баяндайтын бейнеролик көрсетілді.
А. Әмірбеков, «Бәйдібек» мешітінің найб имамы