Қарттарын сыйлаған ел азбайды

Қарттарын сыйлаған ел азбайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Хамрақұл» мешітінің бас имамы Сейтқазы қажы Медетбековтың ұйытқы болуымен №2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде арнаулы әлеуметтік қызмет алушылармен бірге аталмыш тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті.

         Құдайға шүкір, егемендік алғалы кем-кетігіміз толығып, ел ертеңі жастарға жан-жақты дінін, тілін танытып, саналарын оятар мақсатпен білім беру бірінші кезекке қойылды. Әсіресе, имандылыққа баулып, әдептілікке, инабаттылыққа, жалпы адамгершілік қасиеттерге баулитын іс-шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Міне, осындай күндерге жеткеніміздің өзі жұбаныш. Ал, бұл кезеңге дейін сенімі мен амалына берік боп, әр шаңырақтың ақылшысы болған қарияларымыз біздің асыл қазынамыз емес пе? Қарты бар үйдің түтіні түзу. Ата дініміз ислам ата-анаға құрметті жоғары орынға қояды. Тіпті ата-анаң қартайғанда оларға «тух» деме деп ескертеді. Қанында мұсылмандық алаулаған, үлкенге құрмет, кішіге ізет деп өскен қазақ халқы үшін бұл борыш.

Осы мақсатта ұйымдастырылған жиында Сейтқазы қажы Медетбеков қарияларды 1 қазан «Қарттар күнімен» құттықтап, зор алғысын білдірді. «Дендеріңізге саулық, отбасыңызға береке-бірлік болсын!» – деп жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, Алла Тағала пайғамбарлар арқылы тура жолды, ізгілікті көрсетті. Құран мен сүннетін ада етпеген өте ізгі ниетті және Алланың ықыласына лайықты жан болыңыздар деп, ақсақалдарға сыйға шапанын жауып, ұзақ та, иманды өмір сүрулеріне дұға етті.

Тараз қалалық «Әулие-ата» мешіті.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: