Білімді мыңды жығар

Білімді мыңды жығар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еліміздің шекара шебінде Қордай ауданының аумағында орналасқан даңқты батырдың құрметіне аталған Қарасай ауылында «Жастар және діни сауаттылық» тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өтті. Аталмыш іс-шараға аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Д. Жандосұлы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Бірімқұлов және мектеп ұжымы қатысты.

Жастар — біздің жарқын болашағымыз. Олардың сан ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық салт-дәстүрді ұдайы жадында сақтап, оны құрмет тұтып қадірлеуі, өз туған-туыстары мен отандастарына ілтипат көрсетуі үшін қоғамда адами құндылықтар бірінші орында тұруға тиіс. Ал, ол үшін ата дініміз Ислам құндылықтарын білгеніміз абзал. Бүгін де жастардың, қоғамның діни сауаттылығы аса маңызды. «Жастарда шынайы діни білім болмайынша ақ пен қараны айыру қиынға соғады. Білім көкжиегін кеңейтіп, адамгершілік тәрбиеде діни құндылықтарды пайдалануды екінші орынға қалдырмау керек. Жастарды Ислам діні аясында, дін мен дәстүр шеңберінде  тәрбиелесек, жат ағымдардың арам пиғылдарынан аулақ бола аламыз, – дейді имам. Сондай-ақ, жат ағымдардың зияндарын баяндап, мақсаттарына сипаттама берді. Ата-ананы құрметтеу, отансүйгіштік,  білімге құштар болу тақырыптарында уағыз жүргізді. Жиналған қауым наиб имам Д.Жандосұлына көкейкесті сұрақтарын қойып, лайықты жауаптарын алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: